СЕМБЕКОВА ДАМЕТКЕН
Менің мақсатым саудагерлердің өмірін жеңілдету
Уақыт - ең басты құндылық
Мен туралы
Менің аты жөнім Сембекова Дәметкен Укенқызы, 1970 жылы Алматы облысында дүниеге келдім. Саяси және экономикалық жағдайларға байланысты 1990 жылдардан бастап сауда жолына түстім. Барахолканың ең өтімді деген киімдерді таңдап, өзімнің ауданымда сататынмын, әлі де сатамын. 30 жылда киім және хит тауарлардың саудасының қыр-сырын әбден түсіндім.
Кейде Алматыға сауда жасау үшін алыстан келетін құрбыларыма да тауар салып көмектесіп жүрдім. Жолға 3-4 күн жоғалтып, осы жақта керемет емес жағдайларды тұрып, барахолкадан киім іздеп алып кетеді. Көптеген адамдар Алматыға жете алмай,жетсе өтімді тауарларды, киімдерді таңдай алмай саудасы жүрмей жатады.
Сондықтан, мен Қазақстанның түкпір-түкпірінен Алматыға келетін саудагерлерге қызмет көрсеткім келді. Өзімнің тәжірбиеммен бөліскім келді. Сіздерге өтетін киімдер мен тауарларды таңдап беріп қана қоймай, ауылыңызға немесе қалаңызға дейін жеткізіп беремін. Сіздерге, енді, жол жүріп, осы жақта тауар іздеп қиналып қажет емес. Мен Сізге ең өтімді тауарларды ең тиімді бағада тауып беріп, кез келген жерге жеткізіп беремін.
Барлығы сіз ойлағаннан да жеңіл!
1
Сізбен сөйлесеміз
Сізге қандай киім керек екенін анықтаймыз. Бағасы бойынша, материалы бойынша барлығын келісеміз.
2
Сіздің тапсырыңызды қабылдаймыз
Сіздің тапсырыңызды қабылдап, онлайн режимде сізге қызмет көрсететін боламын. Ең жақсы киімдерді ең тиімді бағада сізге алып беремін.
3
Сіздің тапсырыңызды жеткіземіз
Қазақстанның кез келген жеріне сенімді адамдар арқылы жеткіземіз!
4
Сіз тауарыңызды алып, саудаңызды әрі қарай айландыра бересіз!
Енді Сіз:
Қаншама уақытыңызды босқа кетірмейсіз
Тауар таңдау, тауарды жеткізу жағын біз өз қолымызға аламыз. Сіз бос уақытыңызды жақын адамдарыңызбен өткізе аласыз
Жаңа топтаманы іздеп, тез өтетін тауарларды іздеп шаршамайсыз
Біз Алматының қандай базарында не сатылатынын, қай жерде арзан сатылатын білеміз.Сіз үшін ең тиімді топтамаларды жібереміз.
Саудаңызды өсіретін білім мен тәжірбиелерге иә боласыз
Мен тек қана тауар жағынан қызмет көрсетіп қоймай; сіздермен міндетті түрде ең құнды, ең пайдалы ақпараттармен бөлісіп отырамын. Бұл білім сізге саудаңызды жүйелі жүргізуге, саудаңызды арттыруға, клиенттеріңізді тұрақтандыруға көмектесетін болады.Мен Бизнес Бастау Кәсіпкерлік курсында, Қуаныш Шонбайдан алған сабақтарымды сіздермен міндетті түрде бөлісемін.
Байланыс
+77478947853
dametkenservice@gmail.com
Алматы қаласы
Өз байланыс нөмерлерін қалдырыңыз!Мен сізге жуық арада хабарласамын!
It's totally free
Made on
Tilda